Павлодар облысының полиция қызметкерлері 5 айлық сәбиді құтқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетау тұрғыны Павлодар облысының майорына қоңырау шалып, қарындасының баласымен бірге Солнечный ауылына барып, ішімдікке салынып кеткенін хабарлаған.
Тексеріс барысында әйелдің таныстарымен спирттік ішімдік ішіп отырғаны, ал сәби антисанитариялық жағдайда, төсекте жалғыз жатқандығы анықталған.
Құқық қорғаушылар сәбиді бірден Екібастұз ауруханасына жеткізді. Сонымен қатар, ювеналды полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тексеріп, баланың Көкшетаудағы әкесіне хабар берді.
Тергеу барысында әйелдің бұрын 14 жасар ұлын тәрбиелеу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бала қазіргі уақытта туыстарының қамқорлығында. Әйел екінші рет тұрмысқа шығып, қызды дүниеге әкелген, бірақ зиянды әдеттерінен арыла алмаған.
Төтенше жағдайларды қарау жөніндегі комиссия жедел жиын өткізіп, сәбиді әкесіне беру және анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру туралы шешім қабылдады.