Көңіл көтермін деп қызыметінен қуылды

1536

Түнгі клубтың видеосына түсіп қалған Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Мұрат Оспанов қызметінен кетті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі №211-ж бұйрығымен М.Оспанов өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес этикалық әдеп талаптарын бұзу деректері бойынша мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін қарау оның өз өтінішіне сәйкес қызметтен кетуіне кедергі келтірмейді. Еске сала кетейік, аталған департамент басшысының түнгі клубтағы видеосына байланысты тексеру басталғанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.

______________________________________________________________________________________________________

inform.kz

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket