«Қызметінен босатылды». Федерация Перизат Қайратқа қатысты мәлімдеме жасады

913
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы жымқырды деп ұсталған қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты Қазақстанның пара үстел теннисі федерациясы мәлімдеме жасады. Жақында оны осы ұйымның басшысы қызметіне тағайындаған болатын, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Федерация өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа басшының қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

"Қазақстанның пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайраттың ұсталуына және оған қатысты тергеудің басталуына байланысты ұйым президенті қызметінен босатылды. 2024 жылы 14 қарашада федерацияның кезектен тыс жиналысында осындай шешім қабылданды", - делінген ресми хабарламада.

Федерация мамандары Перизат Қайрат келгелі бері оның басшылығымен ешқандай ресми отырыс, тіпті, бұйрық та шығарылмағанын ерекше атап өтті. Ол осы қызметке бір ай бұрын тағайындалды.

Айта кетейік, 14 қарашада қаржылық мониторинг агенттігі "Biz Birgemiz" қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ұсталғанын хабарлады. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Сонымен қатар, ол жетекшілік ететін “Biz Вirgemiz” қорының құрылтайшылары туралы хабарладық.

Пікірлер