«Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды, — деді ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған.
«Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады», — делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Айта кету керек, әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге балағат сөздер айтып, дауыс көтергендігі туралы видео тарап кеткен болатын.