Бразилия Ресейді соғыс үшін айыптамайды

3193
Adyrna.kz Telegram

Бразилия БҰҰ-ның Ресей президенті Владимир Путиннің әрекетін айыптап, Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы қарарына дауыс бермейді. Бұл туралы президент Джейр Болсонаро мәлімдегенін РИА Новости G1 порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Путинге санкциялар немесе айыптаулар қойылмайды... Бразилияның дауысы ешқандай күшке тәуелді емес. Біздің еркін дауыс осы бағытта беріледі», - деді ол.

Болсонаро Бразилия бейбітшілікті қалайтынын, бірақ елде белгілі бір салдарға жол бере алмайтынын айтты.

Сонымен қатар, Ресейдің Донбаста арнайы операцияны жалғастыруы және бейтараптықты сақтауы туралы сұраққа Бразилия президенті Украина азаматтарының айтарлықтай бөлігі орыс тілінде сөйлейтінін, ал орыстар мен украиндар бауырлас халықтар екенін алға тартты. Оның пайымдауынша, осы фактіге байланысты Путин «қырғын ұйымдастыруға» мүдделі емес.

«Бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру туралы сыбыс жоқ, ешкім мұндай тактиканы қолданбайды», - деді ол.

Болсонаро Ресейге қатысты шешім қабылдауда практикалық ойларды басшылыққа алатынын атап өтті. Оның айтуынша, Бразилия Ресей Федерациясымен тығыз қарым-қатынаста.  Өйткені Бразилия Ресейдің тыңайтқышына тәуелді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер