Зеленский: "Біз мемлекетімізді азат ету үшін қанша керек болса, сонша күресетін боламыз" (ВИДЕО)

6456
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский тағы да үндеу жасады. Оның үндеуі Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы nur.kz-ке сілтема жасап. 

"Біз мемлекетімізді азат ету үшін қанша керек болса, сонша күресетін боламыз. Сәбилер атыс-шабыс болып жатқанына қарамастан, бас сауғалайтын жерде дүниеге келіп жатқанда мына халықтар соғысында жаудың жеңіске жетуіне ешбір мүмкіндік жоқ", - дейді Зеленский.

Сонымен қатар, Владимир Зеленский үндеуінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинадағы жағдай бойынша Ресеймен келіссөз жүргізуді ұйымдастыруды ұсынғанын атап өтті.

"Әлиев пен Ердоған Ресеймен келіссөз жүргізуді ұйымдастыруды ұсынды. Бұны тек қолдауға болады", - дейді Украина президенті.

Сондай-ақ, Зеленский Еуропаның барлық елдері Ресейді SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратуға келіскенін де айта кетті.

"Біздің дипломаттар Еуропаның барлық елдері халықаралық банкаралық жүйеден Ресейді ажыртауға келісуі үшін бар күш-жігерін салды. Бұл жеңіс те біздің қолда. Бұл Ресей үшін миллиардтаған шығын", - дейді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Володимир Зеленський (@zelenskiy_official)

Пікірлер