Тоқаев айтты деп тарап жатқан мәлімдемеге ФАКТЧЕК, мектеп оқушылары тегін тамақ іше ме?

6510

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектеп оқушыларына қатысты білдірген мәлімдемесі кең тарап жатыр.

Онда “Оқушылар мектепте ыстық тамақты тегін ішеді, мектепке барып-қайту жолақысы, сондай-ақ, мектеп формасы мен оқу құралдары тегін болады. Мұның бәрі мемлекет есебінен” - делінген. Тоқаев айтты деп тарап жатқан мәлімдемеге фактчек жасап көрдік.

 Үкім: Жартылай шындық және манипуляция

Ақорданың ресми сайтында, расымен 2019 жылы 20 желтоқсанда Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтқан сөзі: “Мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлікпен және ең қажетті деген құрал-жабдықтармен қамтылады. Оқушылар мектепте ыстық тамақты тегін ішеді, мектепке барып-қайту жолақысы, сондай-ақ, мектеп формасы мен оқу құралдары тегін болады”, - деп берілген.

Алайда бұл 2 жыл бұрын жарияланған ескі ақпарат.

Айта кететін жәйт, мектептерде оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Президент тапсырма бергенімен, соңғы шешімді жергілікті мәслихаттар шешеді. Әкім ұсыныс енгізіп, мәслихат шешім шығарады.

Президент айтты деп тарап жатқан мәлімдемеге жасалынған фактчек қорытындысы бойынша, бұл 2 жыл бұрын айтылған ақпарат және оны қазір таратуға еш негіз жоқ.

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket