Сонда әкімдікте өз тарихына қарсы адамдар қызмет етіп жүр ме? - Ерлан Шаяхметұлы

2044

Қоғам белсендісі Ерлан Шаяхметұлы Семей қаласы әкімдігінің ісіне, айтқан мәлімдемесіне көңілі толмағанын жазды деп хабарлайды, "Адырна" тілшісі. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде жазды. 

"Семей қаласының ішкі саясат бөлімінде істейтін бір азамат Әзілхан Нұршайықовтың атына көше беруге қарсы шығып, батыр қыз Баян Байғожинаны фейк деп, Семейге өркениетпен мәдениетті орыстар әкелді дегендер, Мың жылдық шаһар тарихы Орыстардың келуімен 300 жыл бұрын басталды деп айтқандар, Ленин атындағы көше Мәңгілік ел атануына қарсы шыққан, Семей емес Семипалатинск деп жүрген ӨЗГЕ ұлт өкілдерін Зиялы қауым қатарына қосып, олардың пікірімен санасу керек депті. Сонда әкімдікте өз тарихына қарсы адамдар қызмет етіп жүр ме? Қалай өзі?

Жаңа ғана Семей қаласының әкімі Б. Баяхметовтың тікелей қабылдауымен аштым, теңеумен айтсам бүгін ақпанның есігін де ашқан күн. Қабылдауға әкім орынбасары А. Садырбаев, ішкі саясат бөлімінен Ж. Үйсінбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Н. Аққожиналар қатысты.
Жалпы қабылдаудың жауапты орынбасардың берген дәлелдеріне мүлде көңілім толмады. Әкімнің орынбасары мен ішкі саясат бөлімі басшысы мүлде тығырыққа тіреліп жауап бере алмады. 2013 ті былай қойғанда 2016 жылы өткен байқаудан мүлде түк білмей хабарсыз шарасыздық танытулары көңіліме күдік ұялатты. Сонда ресми құжаттар рәсімделмеген бе? Әкім орынбасары "зиялы қауым қарсы" деген пікірін де айтып қалды, сылтауы таусылып енді зиялы қауымның атын жамылуға көшкен бе деген ой қылаң берді!? Мен де аузы аңқайып сене беретін адам емеспін ғой. Талай нағыз зиялы қауым өкілдерімен сұхбаттасып ақ баталарын алып келдім. Өз қаласына тәуелсіздіктің жаңа таңбасын, тарихын қабылдауға қарсы ол қандай зиялы қауым? Осыған байланысты әкім Б. Байахметов мәселенің ақ-қарасын анықтауға орынбасары мен ішкі саясат бөліміне бір жұма уақыт берді.  Тағы да сол А. Садырбаевқа жүктелді, әкімнің қабылдауынан соң орынбасарының өзін ашулы ұстауы да көңіліме түрлі келеңсіз ой салды. Оның үстіне енді байқауды үшінші рет ұйымдастыру туралы да ұсыныс айтылып қалды, мен оған үзілді-кесілді қарсы шықтым. Енді тағы байқау ұйымдастырылса қатысудан бас тартамын, он жыл мазақ болудан қажыдым, және оны жеке басыма деген лауазымдарын асыра пайдаланып қорлау деп қабылдаймын. Қайткенде мені шеттетіп-мұқату әрекеті деп ойлаймын. Ондай моральдық тұрғыдан кемсітуді жеке, сот арқылы шешу жолын қарастырамын. Он жылдан астам уақытымды, денсаулығымды осы қала таңбасы үшін берген адаммын. Аяқ астынан пайда болған қала таңбасына алаңдағыш "зиялылар" сонда қайда болды? Ондай ар-ұятын жиып қойғандарды "зиянды қауым" дер едім! Мен ешкімнің мазағы емеспін! Енді Үкіметке де мойындатып, бар заңдылығын дәлелдеп, мемлекеттік комиссияның рұқсатын алып бергенде бұл құйқылжулары қай құйқылжу? Жалпы адамның ұлына, адамгершілікке жатады ма? Қалай ойлайсыздар? Әкімдік Үкімет бекіткен геральдикаға жауапты жоғары құзырлы орындардың шығарған шешімін пысқырмай да отыр ма деп қалдым? Жауаптарына сендім бе, ЖОҚ! Тағы тереңдеткілері келсе қарсылығым жоқ, қырқына да шыдаған жүректен "енді біріне де шыда" деп сұрап көремін.
Бір жұмадан соң берілетін жауап мені қанағаттандырмаса Семей қаласының әкімі және ШҚО әкімдігінің құзырлы орындарынан Семей қаласының орталық алаңына заң аясында бейбіт митинг өткізуге хат түсірмекпін. Барлық туындаған мәселені, туындатып отырған адамды сол жерде БАҚ арқылы айтып беремін.
Және бұл туралы Республикалық газет арқылы да көтеруге шешім қабылдап отырмын.
Мен әкімдіктен жаңа Қазақстанның Ашық үкіметінің лауазым иесіне деген үмітім одан сайын жіңішкеріп үзілу шегіне жеткендей әсерде шықтым. Ақиқаты осы!
Әкімнің пенде берген лауазымы үлкен болса, менің Алла берген жасым үлкен ғой, қабылдау соңына әкімнің еңбегіне табыс тілеп: - Мансаптың құлы емес, халқыңыздың ұлы болыңыз! деп амандық тілеп, аманат бата беріп қоштастым.
Әкім де өз тарапынан: - Атаның емес, адамның ұлы болуға уәде берді.
Бұл сөзімде жалған жоқ, айтылмай сөзім қалған жоқ..." деп жазды ол жазбасында.
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket