Археолог Ерлан Жағыпаровты өлім алдында аяусыз соққыға жығып, азаптаған - Інісі

11845
Adyrna.kz Telegram

Археолог Ерлан Жағыпаров өлім алдында аяусыз соққыға жығылып, азапталды, деп хабарлады оның інісі Нұрлан Жағыпаров. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

- Біз оны мәйітханадан алып кеткенде, оның жүрек тұсына, ішіне оқ тигенін анықтадық. Қолдары салбырап, сынып кеткен, сүйектері сынған. Өлгенге дейін азаптаған, қинаған. Денесінде соққы іздері бар, - деді Жағыпаров баспасөз конференциясында.

Бұл ретте ол Ерланның досына қоңырау шалып, оны Ұлттық ұланның сарбаздары ұстағанын хабарлап үлгергенін атап өтті.

- 6 қаңтар күні сағат 19.30-да үйіне келіп, көлігін қойып, алаңды көруге кеткен. Сағат 19.52-де ол досына қоңырау шалып, оны Ұлттық ұлан сарбаздары ұстағанын айтып үлгерген. Осыдан кейін байланыс жоғалып кетті, біз оны бес күн бойы таба алмай, оны 11-күні кешкі мәйітханадан таптық. Мәйітханада ол «қолы кісенделген азиялық ұлттың белгісіз адамы» деп жазылған. Үйден шыққан кезде өзімен бірге құжаттары болды. Жақын жерде тұратын, яғни оның жергілікті тұрғын екенін және наразылық білдірушілерге еш қатысы жоқ екенін анықтау оңай. Ерлан қоғамдық қызметке, волонтерлік жұмысқа белсенді араласты, ерікті болды. Көптеген тарихи артефактілері бар үлкен аумақтарды құтқарумен, Қазақстан мәдени мұрасын сақтаумен айналысты. Яғни, ол белсенді азамат еді, мұның бәрін біздің ұрпақтарымыз үшін сақтауға тырысты. Сондықтан, мен бейбіт тұрғын қайтыс болды деп есептеймін, - деді Жағыпаров.

Марқұмның туыстары іздестіру шараларын жүргізіп, қылмыскерлерді жазалауды көздеп отыр.

-  Біз осы аптада ағамыздың өлтіру фактісі бойынша құқық қорғау органдарына хабарласуды жоспарлап отырмыз. Біз барлық инстанцияларға шағым беріп, жүгінетін боламыз. Біздің міндетіміз – объективті тергеу жүргізіп, барлық қатысы барларды, кінәлілерді анықтау. Қандай да бір ақпаратқа ие адамдар кінәлілерді жазалауға ықпал етсін деп халыққа үндеу жасаймыз. Бейбіт тұрғын қайтыс болды, мен қылмыскерлердің анықтап, жазаланғанын қалаймын, - деді інісі Нұрлан Жағыпаров.

Ерлан Жағыпаров Түркі халықтарының тарихы мен археологиясына, өмірге құштар адам еді. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау бойынша түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер