Миллиардтаған доллар:  G4, "Аққу" планшеті, KazSat, Аstana LRT

2681
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Осы жыл аралығында қоғамда көп айтылған сөздің бірі - экономикамызды тек шикізат көзіне байлап қою дұрыс емес, басқа салада да жетістікке жетуіміз қажет деді. Осы орайда елімізде қандай үлкен әрі сәтті-сәтсіз жобалар жасалған?

Сколько денег выделено на строительство Gate City с начала года: 22 января  2020, 10:14 - новости на Tengrinews.kz

 G4

 Жоба құны: 31 миллиард теңге

 2006 жылы Қапшағай тас жолының бойынан бірнеше шақырым жерде бір емес, бірден төрт қаланың іргесін қалап, нағыз серіктес қалашықтарды өмірге әкелеміз деп шешім қабылдады. «G4 City» атты жоба осылайша өмірге келді. Жобаны ресми іске асыру 2008 жылы басталды. Төрт серіктес қаланың өзіндік жоспары мен бағыты бар. Біріншісі қаржылық және іскерлік орталық саналатын Gate City, екіншісі мәдени және ойын-сауық, білім орталығы болуы тиіс Golden City, үшіншісі ғылым мен технология, жаңа ашылулардың жетістігі болуға тиіс Growing City және төртіншісі Қапшағайға шығатын туристік қалашық Green City еді.

2009-жылы 2-қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1739 «Алматы облысындағы «Gate City» серіктес қаласының бас жоспары жайлы» қаулысы шықты. Қаулыда Алматы қаласындағы Гейт Ситидің бас жоспары 2030 жылға дейін қаланы салу және дамыту, экологиялық жағдайды қалыпты ұстау, табиғатын аялау бойынша негізгі құжат екені жазылған.  Бас жоспардың негізгі мақсаты - Алматы қаласының маңында өмір сүруге қолайлы, барлық жағдай жасалған серіктес қаланы қалыптастыру болды. Қаулыда Гейт Ситидің орналасқан жері қаланың дамуына өте ыңғайлы екені айтылған, яғни ол Алматы-Қапшағай тас жолы мен республикалық маңызы бар магистраль бойында жатыр, қала маңынан БАКАД пен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі өтіп, Гейт Сити Орталық Азиядағы нағыз маңызға ие қаланың бірі болатыны айтылады. Алайда 15 жыл өтсе де, 130 мың адам тұратын Гейт Сити қаласын емес, темір жақтаудағы атауын көрумен тамсанып өтеміз.

Следующий планшет HTC получит аккумулятор на 7000 мАч и цену в 200 долларов

Аққу планшеті

 2011 жылы Маңғыстау облысында жарнамасын өлтіріп жасаған "Аққу" планшеті отандық технологияны алға жылжытуы тиіс болатын.  Тіпті жоспар бойынша күніне 280 планшет, пен 180 монитор жасалу керек еді.

Бірақ 2013 жылы тергеудің қорытындысы бойынша, зауыт Қытайдан планшеттер мен дайын өнімдер әкеліп, оларды "Қазақстанда жасалған" жапсырмасы арқылы өз өнімі ретінде көрсеткен. Салдарынан мемлекетке 200 миллион теңге (1 миллион АҚШ долларына жуық) шығын келді.

«Caspiy Еlectronics» фирмасы директорының орынбасары Александр Павленко алаяқтық айыбымен 6 жылға түрмеге кесілді. «Каспий» ӘКК басқарма төрағасы орынбасары Ерғали Қайыпов қызмет өкілетін асыра пайдалану бабымен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылыққа ілігіп, түрмеге  отырмады.

Депутаттар Шардара су қоймасы мен Көксарайдың қауіпсіздігіне қатысты ұсыныс  айтты

Көксарай су реттегіші

Жоба құны: 52,35 миллиард теңге

 2008 жылы басталған (2010 жылы аяқталды) ғаламат жобаның нәтижесінде Қызылорда облысы аумағын су тасқынынан қорғайтын гидротехникалық кешен құрылды. Сыр бойына жағалай қоныстанған ел қауіпсіздігі, Кіші Арал мен Сыр бассейніндегі көлдер жүйесін тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуде үлкен қадам жасалды.
Екіншіден, Қырғызстаннан келетін артық суды қыста жинап алып, жаз бойы суғаруға пайдалануға мүмкіндік туындады.

 2012 жылы Төтенше жағдай министрі Владимир Божко Көксарай су реттегішін Қызылорданы су басу қаупінен қорғап қалғанын айтты.

Министр высказался о строительстве АЭС в Казахстане: 27 мая 2020, 12:05 -  новости на Tengrinews.kz

АЭС

Жоба құны: 3-4 миллиард теңге

 АЭС тақырыбы елімізде сонау 1997 жылдан бері қозғалып келеді. Ең алғашында Балқаш көлінің маңында орналасқан Үлкен ауылында қуаттылығы 640 МВт станция салыну идеясы көтеірлген еді. Бірақ белгісіз себептермен құрылыс жанданбады.

2006 жылы Ақтаудың маңында Ресей мен Қазақстан АЭС салу идеясын қайта көтеріп, Қазақстан үкіметі АЭС құрыллысын техникалық-экономикалық тұрғыдан зерттеу үшін, 104,7 млн теңге қаражат бөлді.

2014 жылы Қазақстан мен Ресей елімізде АЭС салу жөнінде меморандумға қол қойды. Осы орайда Семей ядролық полигоны мен Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылы басты нысана ретінде көзделді.

2019 жылы 3 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Кремльдегі кездесуі барысында Ресей президенті Владимир Путин АЭС салу жөнінде келіссөз жасады. Келесі күні энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев станция құрылысына қатысты нақты шешім қабылданбағанын, алайда атом электр станциясы орналасуы мүмкін аумақ ретінде Курчатов қаласы мен Үлкен ауылын атады.

2021 жылы Владивостокта өткен Шығыс экономика форумының пленарлық отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да елге атом электр станциясы қажет деп мәлімдеді.

Ол жайында биылғы жолдауда "2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcының тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом. Иә, оңай шаруа емес. Сондықтан осы мәселені ұтымды шеше білуіміз керек, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермейік" - деп, айтты.

Спутник «Kazsat-3» - шесть лет на орбите: полет нормальный

KazSat жер серігі

Құны – 300 миллион доллар

2000 жылдардың басында Қазақстан жер серігін ұшыру мақсатын алға қойды. Сөйтіп, алдымен сәтсіз де болса KazSat-1 жер серігін, одан соң KazSat-2 мен KazSat-3 жер серігін ұшырды.

2006 жыл –  KazSat-1 жер серігі ұшырылды.

2008 жыл –  KazSat-1 жер серігі істен шықты.

2011 жыл –  KazSat-2 жер серігі ұшырылды. Жер серіктің құны – 115 миллион доллар.

2014 жыл –  KazSat-3 жер серігі ұшырылды.

Нәтижесі: Қазақстанның барлық аумағында “Отау-ТВ” теледидары жұмыс істейді.

Как строили и не достроили "Астана LRT"

Аstana LRT жобасы

Құны1,8 млрд доллар

 2015 жылғы 31 тамызда Astana LRT жобасын іске асыру үшін  «Астана LRT» ЖШС мен Қытайдың даму банкі шұғыл несие желісін ұсыну туралы несие келісіміне қол қойды. Осылайша Қазақстан Қытайдан 20 жылға жылдық 2,5% мөлшерлемемен қарыз алды. Жобаның құнын 1,8 млрд доллар деп бағаланды.

2019 жылдың жазында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында LRT құрылысын сынға алып, «халық үшін ыңғайлы әрі үнемді көлік жүйесін салудың орнына аса қымбат жоба ұсынылғанын» айтты.

«Білуімше, жобаны жүзеге асыру барысында сәулетшілер мен арнайы мамандардың пікірі ескерілген жоқ. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жеңіл рельсті көлікпен бір тәулікте шамамен 146 000 адам жүреді деп жобаланған. Бірақ бұл – ақиқаттан алыс жатқан болжам. Себебі дәл осы маршрутпен қазіргі күні әуежай мен теміржол вокзалына дейін бар-жоғы 2-ақ мың адам қатынайды. Сонда жолаушылар санын 70 есеге қалай көбейткелі отырсыздар?» деген Президент Үкімет пен әкімдікке осыған қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Аудиторлар Үкіметке «Астана LRT» құрылысын әрі қарай жалғастыру тиімсіз деп бірден кесіп айтты.

Бүгінде бағанда жүретін трамвайды емес, естелікке салынған әрі сайқы мазаққа айналған бағандарды ғана көреміз.

Түйін: 30 жылда жасалған жобалар ел есінде... Өткен қателіктерден сабақ аламыз ба? Әлде қағаздағы ертегілер жалғаса бере ме? Барлығы уақыт еншісінде!

Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер