Мұрат Қатпанов: ТЖ алдын алу үшін халықпен ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2567
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қатпанов Мұрат Қасенұлымен болды.

Соңғы жылдары елімізде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар көбейіп кетті. Қарағанды облысы олардың алдын алуға қаншалықты дайын?

– Жеке-жеке тоқталып өтейін.

1) Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша:

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қармағында 36 өрт сөндіру бөлімі және жергілікті атқарушы органдармен құрылған 32 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді: 1. Нұра ауданы-8; Ұлытау ауданы-4; Осакаров ауданы – 4; Шет ауданы-3; Жаңаарқа ауданы-3; Бұқар Жырау ауданы-4; Қарқаралы ауданы-4; Абай ауданы-2. Олардың қорғауында жалпы халық саны 40 мың адамнан асатын 60 елді мекен бар. Өрт сөндіру бекеттері 17 бірлік өрт сөндіру техникасымен және 21 бірлік өрт-техникалық қару-жарақпен толық жинақталған бейімделген техника, оның ішінде саны 35 дана хлопушкалармен, аспалы бүріккіштермен - 70 дана, сондай-ақ шанц құрал-саймандарымен (күректермен, қол аралармен, аралармен, балталармен және т.б.). Өрт сөндіру бекеттерін құру және дамыту ағымдағы жылға да жоспарланған. Қарағанды облысының әкімдігі бекіткен 2021-2023 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес 3 жыл ішінде тағы 19 өрт сөндіру бекетін құру көзделген.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде дала өрттері мен өрттерге ден қою үшін жергілікті атқарушы органдар 505 ерікті өртке қарсы құралымдарды (7750 адам) құрды, олардың жарақтарында 1582 бірлік бейімделген автотехника (су тасығыштар, автосуаттар, сұйық шашқыштар, аспалы сорғылары бар тракторлар және т.б.), сондай-ақ 67 бірлік өрт сөндіру мотопомпалары бар.

 

2) Су тасқыны кезеңі бойынша:

2015-2021 жылдар аралығында облыста 220 км қорғаныс бөгеттері мен біліктер тұрғызылып, нығайтылды, 173 елді мекенде 76 км өзен арналарын жағалауды нығайту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Жүзеге асырылған іс-шаралар жыл сайын су басатын елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

Жыл сайын су тасқыны кезеңінде Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдары,жеке құрамның шамамен 6700(6741) адамы, 1600-ден астам техника(1629) дайындыққа келтіріледі.

ТЖ департаментінің жарағында өтімділігі жоғары және инженерлік техниканың қажетті саны бар, оның ішінде жеке құрамды тасымалдауға және халықты эвакуациялауға арналған өтімділігі жоғары вахталық автобустар (8), батпақ-жол талғамайтын көліктер (5), жүзу құралдары (35), мотопомпалар (138), оның ішінде тіркемелі (12), сондай-ақ гидрокостюмдер (563) бар.

 

3) суға түсу маусымы бойынша

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу (қауіп-қатердің алдын алу) үшін халықпен ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша телеэфирде 43 сөз сөйлеу, радиоэфирде 552 сөз сөйлеу және 28 брифинг ұйымдастырылды, әлеуметтік желілерде 52 бейнеролик таратылды, «судағы өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбы бойынша 115 көрнекі стенд орнатылды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 50 мыңнан астам адамды қамти отырып, халықпен 303 жиын өткізілді.

2021 жылғы шомылу маусымы кезеңінде Қарағанды облысының су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының полиция басқармаларымен және бөлімдерімен бірлескен патрульдеу кестелері бекітілді.

ЖАО-мен бірлесіп 81 қоғамдық құтқарушыны тарта отырып, су маңындағы демалыс орындарында құтқару бекеттері құрылды.
24 мамыр мен 5 маусым аралығында Балқаш көлінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының және қауіп-қатерді азайту орталығының қолдауымен оқу-жаттығу өткізілді. Он күн бойы Қазақстан Республикасы, Ресей және Қырғыз Республикасы ТЖМ нұсқаушы-мамандары өз тәжірибелерімен және дағдыларымен бөлісті. Тренингке Қазақстан өңірлерінің жедел-құтқару жасақтарының 35 құтқарушысы қатысты.

Облыста қауіптің алдын алу үшін нақты қандай шаралар атқарылып жатыр? Бөлісе кетсеңіз.

– Табиғи өрттерді және жануды болдырмау мақсатында азаматтық қорғау, ЖПҚ, ЖАО және орман мекемелері қатарынан 45 жұмылдыру тобы 624 рейдтік іс-шаралар өткізді. Анықталған 823 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері бойынша 823 әкімшілік хаттама толтырылды. Ауылдық округ әкімдеріне өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 121 ескерту берілді.

2947 адамды қамтумен 278 жиын, 10508 адамды қамтумен 851 нұсқама, 235 адамды қамтумен 20 дөңгелек үстел өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 262 сөз сөйлеу ұйымдастырылды,оның ішінде 72 теледидар, 84 радио және баспа басылымдарында 106 мақала.

Су тасқыны кезеңіндегі ТЖ алдын алу үшін облыста төмендегідей іс-шаралар өткізіледі:

2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық республикалық Жол картасы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде жүргізіледі.

Жол картасы аясында облыс бойынша ағымдағы жылы 16 іс – шара жоспарланған, оның ішінде 6 іс-шара толық көлемде аяқталды, оның ішінде 5 іс – шара Қарқаралы, Бұқар Жырау және Осакаров қалаларында қорғау біліктерін нығайту бойынша. 1 іс-шара Қарқаралы ауданындағы Жарлы өзенінің арнасын тазарту; қазіргі уақытта 4 іс-шара практикалық іске асыру сатысында, оның ішінде Шерубай-Нұра өзенінің арнасын санациялау бойынша 1 іс-шара – жұмыстың 60% - ы орындалды (16.6 – дан 10 км.), 2-Бұқар Жырау ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар автожолдардағы көпірлерді қайта жаңарту бойынша – олардың әрқайсысында шамамен 40% жұмыс орындалды, Осакаров ауданындағы автомобиль жолындағы су өткізгіш құбырын ауыстыру бойынша 1 іс-шара – аяқталу сатысында, жұмыстың 70% - ы орындалды.

Ағымдағы жылы аталған іс-шаралардан басқа, 2022 жылға жоспарланған Бұқар Жырау ауданының әкімдігмен Ғ. Мұстафин кентінде Нұра өзенін тасуынан қорғау үшін ұзындығы 3,6 км «қорғаныс білігін тұрғызу және нығайту» іс-шарасы толық көлемде аяқталды.

Ағымдағы жылы облыстық инженерлік жұмыстар жоспарымен 45 елді мекен аумағында (Жаңаарқа, Абай, Осакаров, Нұра, Шет, Қарқаралы,Ұлытау аудандары, Қарағанды, Теміртау қалалары) 71 іс-шара жоспарланған.
02.08.2021 ж. жағдай бойынша 1,2 км салынды және 12,65 км қорғау дамбалары мен валдары нығайтылды, 10,22 км өзен арналарының су тасқыны қауіпті учаскелерін санациялау, 1400 км су бұру арналарын салу және жөндеу жүргізілді, дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды. 12 учаскеде су өткізу қабілеті артты.
Сондай-ақ, күн сайын космомониторинг, жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдары қарды тазалау және шығару жұмыстарын жүргізеді, ірі су қоймаларынан санитарлық төгінділер жүргізіледі, қажетті материалдық-техникалық құралдар (ЖЖМ, азық-түлік, инертті материалдар, қаптар) дайындалады. Департаменттің жедел топтарының су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралайды. Су тасқыны қаупі бар елді мекендерде жадынамалар таратылып рейдтер жүргізілуде. Ақпараттық-насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өзен арналарының қауіпті учаскелерінде жарылыс және бұрғылау (мұз кесу) жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Автожолдарда жол техникасы қалыптасады және дайындыққа келтіріледі.

Қазіргі таңда облыстағы өрт сөндіру қызметінің иелігінде қанша техника бар?

— Қарағанды облысы бойынша өрт сөндіру бөлімдерінде 408 техника бар. Оның ішінде 195 негізгі, 38 арнайы және 175 қосалқы.

Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелерімен 8 су айдыны бақыланады. Бұл: Федоров, Самарқанд, Шерубай-Нұра, Кеңгір су қоймаларының жағалаулары, Балқаш және Айнакөл көлдерінде орналасқан құтқару станциялары. Қазіргі уақытта облыстың өрт сөндіру қызметінің қарамағында 55 жүзу құралы (ескекті және моторлы қайық) бар.

Жауаптарыңызға рақмет!

Әңгімелескен Диана АСАН,
«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер