Ұлттық құндылықтарға қауіп төніп тұр - Жанарбек Әшімжанов

831
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында ұлттық құндылықтарды мансұқтап, отбасы институтын әлсіретуді көздейтін ағымдар мен ұйымдардың әрекетіне алаңдаушылық білдірді.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік желілерде, әсіресе TikTok және басқа да платформаларда жастар арасында ұлттық дәстүрлерге жат мазмұн кеңінен насихатталуда. Мұндай үгіт-насихаттың артында халықаралық ұйымдар тұрғанын және олардың еліміздің ішкі саясатына ықпал етуге тырысатынын атап өтті.

Әшімжанов шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдардың кейбірі жастарды азғындыққа итермелеуге бағытталғанын айтып, "Феминита" ұйымының мектеп оқушыларына жыныстық қатынасқа байланысты шақыртулар таратқанын мысалға келтірді. Оның айтуынша, бұл әрекеттер БҰҰ-ның Балалар құқығы жөніндегі конвенциясына да қайшы келеді.

Депутат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайдағы сөзін еске салып, онда Мемлекет басшысы "демократиялық моральдық құндылықтар" желеуімен көптеген елдерге ЛГБТ-ны таңу үрдісі жүріп жатқанын ашық айтқанын атап өтті. Президент сондай-ақ, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бастаған дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалпына келтіру жөніндегі бастамаларды қолдауға лайық деп бағалағанын да тілге тиек етті.

Депутат ұлттық құндылықтарды қорғау мақсатында Үкіметке келесі шараларды қолға алуды ұсынды:

  1. Әлеуметтік желілерді қатаң сүзгіден өткізу, әсіресе, кәмелетке толмағандарға зиянды ақпарат таратуға тыйым салу.
  2. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ЛГБТ қозғалысының жасөспірімдерге әсері туралы зерттеуін аяқтап, қоғамға жариялау.
  3. Дәстүрлі моральдық құндылықтарды нығайту жөнінде арнайы тұжырымдама әзірлеу.
  4. Шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдарды тексеріп, олардың жасөспірімдермен жұмыс істеуіне тосқауыл қою.

Әшімжановтың айтуынша, өткен жылы ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы бастамашыл топ жариялаған петицияға екі аптаның ішінде 50 мыңнан астам адам қол қойған. Бұл – қоғамның ұлттық құндылықтарды қорғауға деген зор ынтасының көрінісі.

"Ұрпағымызды аздыратын, дәстүрімізді тоздыратын, алауыздықты қоздыратын, рухымызды сындыратын "демократиялық үрдістердің" атасына нәлет! Бүгінде көптеген мемлекеттер ұлттық болмыстарын қорғау үшін шектеу шараларын қабылдауда. Ал біз өз болашағымызды қорғау үшін нақты шешімдер қабылдауымыз қажет," – деді Жанарбек Әшімжанов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер