FlyArystan рейсінде бортсерікке қол көтерген ер адамға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

607
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

FlyArystan рейсінде бортсерікке қол көтерген және бомба туралы жалған ақпарат таратқан жолаушы 3 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы 7 сәуірде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бүгін Астана қалалық соты ер адамның адвокатының Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы үкіміне берілген апелляциялық шағымын қарады.

Сот үкімімен жолаушы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны (ҚК 273-бабы) және әуе кемесінің бортында бұзақылық жасағаны үшін (ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы)бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бірінші сатыдағы сотта Т. ұшақ бортында бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіпті ерекше өрескел бұзып, әуе кемесінің бортсерігіне күш көрсетіп, оны ұрып-соғып және жолаушының ескертуін елеместен, оны да ұрып-соғып, екі жәбірленушіге де дене жарақатын келтіргені анықталды. Ер адамды рейстен қалдыру барысында ол терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған.

«Апелляциялық шағымда сотталғанның адвокаты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа сотталғанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқыс оқиға 13 қаңтарда болған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер