Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада оқыс оқиға болды

1203
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда «Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы» деген атаумен өткен ауқымды мерекелік шара кезінде ондаған адамға жедел жәрдем қажет болған. Бұл туралы lada.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Есінен тану көп болды, бір адам пышақ жарақатымен жүгінді, бір инсульт және бір жүрек ритмінің бұзылуы жағдайы тіркелді. Біздің қызметкерлер алдын ала диагноз қойып, пациенттер ауруханаға жөнелтілді»,— деді Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясы.

Пышақ жарақатын алған пациентті медициналық мекеме қызметкерлері тексерістен өткізіп, кесілген жара диагнозымен көмек көрсеткеннен кейін үйіне амбулаторлық ем алуға жіберген. Ал алдын ала инсульт диагнозы қойылған пациентке "Нейроциркулярлық дистония" диагнозы қойылып, ол да тексеруден соң үйіне жіберілген.

Айта кетейік, шараға 100 мыңға жуық көрермен жиналған болатын. Шарада белгілі әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер