Макинка бөгетінде су көтерілді. «Астана-Щучинск» трассасын су басуы мүмкін

631
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Бурабай және Біржан сал аудандары ормандарындағы қардың жедел еруі салдарынан Біржан сал ауданында орналасқан Макинка бөгетінің үстінен су тасып өту қаупі туындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— Бөгеттің үстінен су ағып кету және судың көтерілуі салдарынан республикалық маңызы бар «Астана-Щучинск» автожолына су жайылып кету қаупі бар. Қазір оқиға орнында Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД-ның жоғары қуатты өрт-сорғы станциялары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда көлдегі су деңгейін төмендету мақсатында суды ағызу мәселесі қарастырылуда, — деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов.

Қазіргі уақытта жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. Құтқару шараларына Ақмола облысы мен Астананың төтенше жағдайлар қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері тартылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер