Ресей соты «Солтүстік Қазақстанға» акциясынан кейін белсенділерді қамауға алды

6606
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудің Замоскворецкий соты Мәскеу метросындағы акциядан кейін тіркелмеген «Другая Россия Э.В.Лимонова» партиясының он белсендісін қамауға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «ОВД-Инфо»- ға сілтеме жасап.

Белсенділер 10-нан 15 тәулікке дейін қамауға алынды. Хаттамалар полицияға бағынбау туралы бап бойынша жасалды.

8 қаңтарда «Алма-Атинская» метро станциясында бірнеше белсенді пойыздардың бірінің вагонына «Солтүстік Қазақстанға»  баннерін тіркеген. Осылайша, олар «Ресей билігі тарапынан Қазақстанның орыстілді халқын қорғау бойынша батыл іс-қимыл жасау қажеттілігіне» назар аудартуға тырысқан.

Айта кетейік, 10 қаңтарда полиция ұйымның штаб-пәтеріне тінту жүргізді. Нәтижесінде қауіпсіздік қызметкерлері кеңседе болған 14 адамды ұстады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер