Нұрлан Ноғаев сұйытылған газ бағасының көтерілуіне наразы автокөлік иелерімен кездесті

177

3 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап еткен Ақтау қаласының автокөлік иелерімен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сұйытылған мұнай газ бағасын төмендетуге қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Облыстың АГҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Нұрлан Ноғаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АГҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеу бастағанын айтты.

Автокөлік иелерімен кездесу барысында Нұрлан Ноғаев жиналғандарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге шақырды.

Облыс әкімі кез-келген мәселені тек сындарлы диалог арқылы шешуге болатынын атап өтті.

Кездесуге Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия құрамына кіретін энергетика министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері де қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket