Шахмат әлеміндегі ерекше жаңалық…

2755
Adyrna.kz Telegram

Жақында Варшавада өткен дүниежүзілік жарыста әлем чемпионы Магнус Карлсен мен чемпиондыққа үміткер Ян Непомнящийды 17 жасар өзбектің жас шахматшасы Нодирбек Абдусаттаров жылдам шахмат түрінен (әр ойыншыға бір партияда 15 минуттан беріледі) күйрете жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Аптаның екінші күні Абдусаттаров әлемнің ең мықты шахматшысы Магнус Карлсенді жеңгенде шахмат сүйер жұрт шулап кетті.

Өзара біріншілік үшін шайқасып жүретін Магнус пен Янның ойындары тең түссе, шешуші сәтте Абдусаттаров Непомнящийді де жеңіп, еш талассыз бірінші жүлдені ұтып алды.

Ал қалыпты шахмат түрінен әлем чемпионы Магнус Карлсен өз титулын сақтап тұр. Ал жылдам (рапид) шахмат түрінен Надирбек бәрінен қара үзіп кетті.

Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстанда соңғы жылдары шахмат спорты ерекше қарқынмен даму үстінде.

Арман ӘУБӘКІР,

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер