Қазақстан - 2021: спорт және мәдениет саласында қандай жаңалықтар болды?

2553
Adyrna.kz Telegram

2021 жыл Қазақстанның мәдениет және спорт саласы үшін біраз жаңалықтарға толы болды. Сан соғып та қалдық, жеткен жетістіктер де аз емес.

Қазақстан спорты - 2021

Токио Олимпиадасында Қазақстан сегіз қола медальмен жалпыкомандалық есепте 83-орын алды. Спортқа миллиардтаған қаржы бөліп, спортшыларының жеңісін қашан да мақтан етіп, насихаттайтын ел бұрын соңды ойындарда мұндай төмен нәтиже көрсеткен емес. Сарапшылар сегіз қола медаль - жаңа реформаларды қажет ететін заманауи спорт жағдайының шынайы көрсеткіші деп есептейді.  Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы Олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Қазақстандық спортшылар Олимпиадалық Ойындардан ешқашан алтынсыз оралған емес. Тіпті биыл былғары қолғап шеберлері де байрағымызды көкте желбіретіп, әнұранымызды Токио төрінде шырқата алмады.

Казахстанская сборная на церемонии открытия Олимпийских игр в Токио. 23 июля 2021 года

Алайда, Қазақстан құрамасының формасы Токио Олимпиадасындағы ең сәнді киімдердің бірі болып танылды. Тізімге сегіз елдің: АҚШ, Ресей, Либерия, Чехия, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапонияның  киім үлгілері кірді.

Форма казахстанской сборной признана одной из самых стильных на Олимпиаде в Токио

Тарихтағы ең ірі жеңіліс

Франциядан жеңіліс тапқан матч Қазақстан құрамасының тарихындағы ең ірі жеңілісі болды.Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчында француздардан сырт алаңда жауапсыз сегіз гол жіберіп, тарихта болмаған есеппен ойынды аяқтады. Ойын 0:8 есебімен тәмамдалды.

Бұған дейін қазақстандық құрама Түркия мен Ресей құрамаларынан 0:6 есебімен ұтылған болатын. Түріктерден 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында 2005 жылы 8 маусымда Алматыда, ал ресейліктерден 2008 жылы 23 мамырда Мәскеуде өткен жолдастық кездесуде жеңіліп қалды.

Прямая трансляция матча Франция - Казахстан в отборе на чемпионат мира по футболу | Спортивный портал Vesti.kz

2021 жылы Қазақстан әлемдік аренада

Қазақстандық Sheker веб сериалы Пусан қаласында өткен халықаралық байқауда үздік атанды.«Шекер» қазақстандық веб-сериалы Asia Contents Awards марапатында Short-form/Web Drama номинациясында жеңіске жеткен болатын.

Байқауға қатысу үшін 17 елден әртүрлі форматтағы 75 серия ұсынылды. 12 елден барлығы 28 жұмыс іріктелді.

Sheker – оқу мәселесін қылмыстық жолмен шешкен студент туралы драмалық оқиға. Бұл драмада жеңіл ақша, есірткі, жастық шақтық проблемалар көтеріледі.

Казахстанский веб-сериал Sheker получил признание международных контент-мейкеров

Әлемдік деңгейде әр елде өтетін "Дауыс" байқауында қазақстандық өнерпаздарымыз қазақ мәдениетінің "асқақтығын" дәлелдеді.

Құралай Мейрамбек - "Қазақстан дауысы - 2021" жобасының жеңімпазы. Сонымен қатар, Қыркүйектің соңында БАҚ 18 жастағы Құралай Мейрамбектің «Qazaqstan dauysу» шоуының қазақстандық аналогындағы өнері Best of The Voice әлемдік рейтингіне енгенін хабарлады. YouTube арнасында авторлар әлемнің түкпір-түкпірінен The Voice шоуына қатысушылардың ең жақсы нөмірлерін жинайды.

Бұдан өзге Диляра Дидарқызы украиндық, Әмре мен Әлішер Каримов ресейлік "Дауыс" жобасын бағындырып, өз өнерлерімен қазылар алқасын тәнті етті.

Казахстанка Куралай Мейрамбек победила в международном вокальном конкурсе The Voice – Qazaqstan дауысы | informburo.kz

2021 жылғы мәдени шаралар

- БАӘ, Швеция, АҚШ, Эфиопия, Болгария және Таиландта қазақстандық режиссерлердің «Абай. Өмірбаяны мен шығармашылығы», «Құнанбай» фильмдері көрсетілді;

- Венгрияда «Әлем таныған Абай» атты кітап-иллюстрациялық көрме және «Абай әлемі» сурет көрмесі өтті;

- Беларусьте қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен «Абай әлемі» атты музыкалық-поэзия кеші өтті;

- Босния және Герцеговинада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында «Астана Опера» театрының солистері халықаралық Сараево қысы фестиваліне қатысты;

- Германияда Абайдың 175 жылдығына арналған «Еуразия ақындары» атты поэзия кеші ұйымдастырылды;

- Люксембургте Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған поэзия кеші өтті;

- Швейцарияда қазақ диаспорасының өкілдері С.Тоқанова мен И.Грибаус Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған концерт берді;

- АҚШ-та Гарвард университетінің Дэвис орталығында америкалық студенттер арасында «Абай ілімдері» атты әдеби байқау өтті;

- Иранда Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай әлеуметтік желілерде «Абай домбырасы» акциясы ұйымдастырылды;

– Мысырда «Ніл-Мәдениет» телеарнасында Абай Құнанбайұлына арналған бағдарлама өтті.

Отандық фильмдер арқылы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін шетелге көрсетуге көп көңіл бөлінді. Қазақстандық режиссерлердің фильмдері Біріккен Араб Әмірліктері, Швеция, АҚШ, Эфиопия, Болгария сияқты елдерде көрсетілді. «Абай. Өмірбаяны және шығармашылығы «(реж. Т. Арғанчеев), «Құнанбай» (реж. Д. Жолжақсынов), «Қазақ биі» (реж. Ә. Садықова, Ғ. Насыров)» Қазақ хандығы. «Алтын тақ», «Алмас қылыш» (реж. Р. Әбдірашов), «Жаужүрек мың бала» (реж. Ә. Сатаев), т.б. 5.

Абай мен Әл-Фарабиге арналған ескерткіштер мен көше атаулары әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде берілді. Мәскеу (Ресей), Будапешт (Венгрия) және Ренн (Франция) қалаларындағы Абай ескерткіштерімен қатар биыл Анталияда (Түркия) Абайға арналған мемориалдық тақта, Бухарестте (Румыния) Абайға арналған мемориалдық тақта ашылды және Әбу Наср әл-Фарабиге арналған тақта Хайфада (Израиль) орнатылды; Тбилисидегі (Грузия) орталық көшелердің біріне ұлы ақынның есімі берілді.

Одан өзге биыл, Абай шығармалары, қазақ жазушыларының Абай туралы кітаптары армян, грузин, иврит, қырғыз, малай, моңғол, голланд, испан, португал, украин, түрік, өзбек, хинди тілдеріне аударылып, 12 кітап жарық көрді.

В столице Германии открыли памятник Абаю

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер