Алматыдағы "Алатау" метростанциясынан түтін шығып жатыр

2817
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Алатау" метростанциясындағы түтіннің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

kris.p.almaty парақшасында "метрода бірнәрсе жанып жатыр" деген жазбасы бар видео пайда болды. Видеода метро тоқтап, жолаушылар оның себебін білмей жатқаны көрінеді.

Қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі пневматикалық тежеу іске қосылғанын хабарлады.

"Пневматикалық тежеу жүйесі іске қосылған кезде тежегіш қатты қызып кетті. Қазір нақты себеп анықталып жатыр, ол электродепоға жіберілді", - деп түсіндірді метро қызметкерлері.

Кесте бойынша өзгеріс жоқ, Алматы метросы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер