Алматы әуежайында билет беру жүйесіндегі ақаулардың себептері аталды. Әуежай әкімшілігі барлық жүйелердің жұмысы қалпына келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
"Бүгін интернетте уақытша үзілістер болды, бұл кейбір ХАА қызметтерінің жұмысына әсер етті. Мамандар мәселені тез арада жөндеп, сағат 06:00-де барлық жүйелер сәтті қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жұмыс істеді", - делінген әуежай хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін қазақстандық әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайында техникалық ақау болғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Кейінірек ол
"Интернет провайдерлерінің жұмысының бұзылуы Алматы халықаралық әуежайының кейбір қызметтерінің жұмысында үзілістерге алып келді. Осыған байланысты жолаушыларды тіркеу қолмен жазылды. Әуежайға жолаушылардың кіруіне кедергі келтірмес үшін қазіргі уақытта барлық шлагбаумдар ашылған. Қазіргі уақытта жүйелер резервтік интернет қосылуы арқылы жұмыс істеп тұр. Жолаушыларымызға келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.