«Мен және Тәуелсіздік» үздік эссе конкурсы мәресіне жетті

4023
Adyrna.kz Telegram

2021-жылдың 14-желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 4-курс студенттері мен магистранттар арасында (араб, парсы, үнді және урду тілі топтары) жарияланған «Мен және Тәуелсіздік» үздік эссе конкурсының нәтижесін жариялап жеңімпаздарды марапаттады.

Конкурстың басты мақсаты студенттердің патриоттық сезімін арттыру және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында оқытылатын төрт шығыс тілдерін (араб, парсы, хинди және урду) оқитын студенттердің оқитын шығыс тілінде эссе жазу қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беру болатын.

 

Үздік эссе конкурсына қатысқан 4-курс студенттері мен магистранттары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эсселерінде еліміз тәуелсіздік жолында қасіретке толы тарихты бастан кешіргені мен ата-бабаларымыздың жанқиярлық күресі баяндаған.

 


Азаттық жолында күрескен бабалардың ерлігін, тәуелсіздікке жету тарихын және оны болашақ ұрпақтың ешуақытта ұмытпайтынын әсерлі және шебер тілмен жеткізе білген.

Сонымен қатар еліміздің болашағы білімді де оттай жалындаған өнерлі жастардың қолында екендігін ерекше атап көрсеткен әр бір қатысушы еліміздің болашағын жарқынырақ ету үшін жан-жақты білім алып, аянбай еңбек етуге әрқашан дайын екендігін шынайы баяндауы мен еркін ойларымен тәнті етті.

Сонымен қатар үздік эссе конкурсына қатысушылар араб, парсы, хинди және урду тілдерін жеткілікті игергендігі мен ойларын еркін жеткізе алатындығымен де ерекшеленді. Конкурсқа жіберілген эсселердің әрқайсысы үлкен марапатқа ие және бірінен-бірі асып түсетінін ерекше атап көрсеткен жөн.

Үздік эссе конкурсының ережесіне сай әрбір шығыс тілінде (араб, парсы, хинди және урду) жазылған эсселерге жеке-жеке сыйлықтар тағайындалды. Нәтижеде бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен араб, парсы, хинди және парсы тілі топтарының жеңімпаз студенттері марапатталды.

Атап айтқанда бірінші дәрежелі дипломмен Анес Адилбеков (араб), Меруерт Кадирханова (парсы), Әсел Асан (хинди) марапатталса, екінші дәрежелі дипломмен Рахия Сабралиева (араб), Әйгерім Бөрібаева (парсы), Назерке Жарбосынова (урду) және үшінші дәрежелі дипломмен Салман Қазиев пен Бакизат Капенова (араб), Әйгерім Мұратова (парсы) және Урумова Тоғжан (хинди) марапатталды.

Қорытындылай келе, конкурсты ұйымдастырушылар алдағы уақытта да үздік эссе конкурсын дәстүрлі түрде өткізу керек деген шешімге тоқтады.

Ғалия Әмзеқызы Қамбарбекова

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия

Кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

 

Пікірлер