Шымкентте жастар саясатының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

3904
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай жастар саясаты саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ азаматты Президенттің "Халық алғысы" медалімен және қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

-Тәуелсіздік жылдарында шаһарымыз гүлденіп, көркейді. Барлық салада өркендеу мен өсім бар. Соның бір мысалы халық саны. 2025 жылға дейін қала тұрғындары 1.3 млн. адамға жетеді деп болжануда. Сондай-ақ соңғы 3 жылда бюджет көлемі 3 есеге артты. Шаһардың үшінші мегаполис атануымен мүмкіндіктер терезесі ашылды. Ол да Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді даму белесіне көтерілді. Шымкент адамзат пайда болғаны адам ізі үзілмеген құтты мекен. Бүгінде мегаполисте жастардың темірқазық буыны өсіп келеді. Ендігі міндет оларды қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуына атсалысуға тарту керек. Жастар әрдайым қоғамның қозғаушы күші болып қала береді, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Марапатталғандардың бірі Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров бұл сый-құрмет жастарды имандылыққа үндеу жолындағы еңбек пен жауапкершілікті одан сайын күшейте түскенін жеткізді.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
ФОТО Серік ҚОСАЕВ

Пікірлер