Қазақстанда Назарбаев бейнеленген жаңа монеталар шығарылмақ

2990
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Ұлттық банкі TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

5000 және 500 теңгелік күмістен және 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Көрнекті оқиғалар мен адамдар» сериясын жалғастыратыны атап өтілді.

"TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны көрнекті тарихи тұлғалардың портреттері бейнеленген тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгісіндегі банкноттардың бірінші сериясымен символдық байланысты көрсетеді. Композиция визуалды портрет сериясын толықтырып, мемлекет тарихындағы маңызды оқиға тәуелсіздік мерейтойын логикалық түрде белгілейді», - делінген хабарламада.

Күміс монеталар алтын жалату технологиясымен, түрлі-түсті баспамен жасалады. Интерференциялық иридесцентті жабу технологиясы монеталардың барлық түрлеріне қолданылған. Олардың беткі және артқы жақтарының бірдей кескіндері бар.

Монеталарда Шоқан Уәлиханов, Әбілқайыр хан, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Абылай хан, Нұрсұлтан Назарбаев, әл-Фараби және Абай бейнеленгеніне назар аударыңыз. Олардың портреттері ұлттық валютаның дизайнында бұрын да қолданылған болатын.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) номиналы, Ұлттық банктің логотипі және монетаның металын, тазалығын және массасын білдіретін жазу бар. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақтың киіз үйі (басқұр) декоры түрінде жасалған сәндік лента және ресми сурет бейнеленген. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің логотипі ретінде есте қалмақ.

Монеталар:

сынамды күмістен 925/1000 пробалы, салмағы 933 грамм (30 унция), диаметрі 100 мм, номиналы 5 000 теңге, таралымы 300 дана;
сынамды күмістен 925/1000 пробалы, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, номиналы 500 теңге, таралымы 3 000 дана;
мельхиор MN 25 қорытпасынан жасалған prof-тәрізді сапалы, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 100 теңге, таралымы 30 000 (отыз мың) дана шығарылды.
Ұлттық банк монеталарды шығару күні туралы ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

2020 жылы Ұлттық банк «Көрнекті оқиғалар мен адамдар» сериясына жататын Нұрсұлтан Назарбаев Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan бейнеленген коллекциялық монетаны айналымға шығарды. Оның номиналды құны 1000 теңге.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер