Елбасы және Тәуелсіздік

3668
Adyrna.kz Telegram

Ел тәуелсіздігінің басында тұрған, өтпелі кезеңнің барлық қиыншылығын еңсеріп, мемлеке­тімізді саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарға соқтырмай, бүгінгі көз көрген ынтымақ пен жетістікке қол жеткізген еліміздің Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегін, дұрыс таңдаған саясатын әлем жұртшылығы да мойындауда. Қазір тәуелсіз қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ оны қазақ елінің Көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы бүкіл халықтық сайлаудан кейін қолға алған басшылық қызметінсіз көзге елестету мүмкін де емес. Өйткені, батыстық саясаткерлер мен қайраткерлер де Қазақстанның бүгінгі табыстарын оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғанын әлемнің басқа саясаттанушылары да үнемі айтып жүр. Бұның өзі де еліміздегі мемлекет тізгінінің сенімді қолда екендігін еліміз ғана емес басқа елдерге де мойындатуды білдірді. 1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында өткен митингіде Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың: –Тәуелсіздіктің біздің бәрі­мізге артар міндеті мол.

Өзіміздің ел тәуелсіздігінің тарихы және Елбасының ел егемендігіндегі рөлі жөніндегі ойымызды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілі­гімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғандығын бөле-жара атап көрсету қажет.

Қазақстанның Тәуелсіз­дігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр.

Пікірлер