АРДАГЕР ҚЫЗМЕТКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

1487
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі таңда еліміз үшін кәсіби деңгейі жоғары мемлекеттік қызметкерлерді даярлау қандай өзекті мәселе болса, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандарға қолдау көрсете білу дәл сондай көкейкесті мәселе. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі – алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігі cөзсіз.

Осы ретте Әл-Фараби ауданы әкімдігі құрылған сәттен бастап талмай еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған зейнеткер Темірхан Охаповпен тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында  ұжымдық кездесу ұйымдастырылды.

Коммуналдық-шаруашылық саласында 20 жыл қызмет еткен ардагер ұзақ жылдар бойына жиған тәжірибесі мен тағылымдарымен бөлісті.

— Біз жұмысқа орналасқан сәтте Әл-Фараби ауданы қабырғасы жаңа қаланған, ең жас әкімдік еді. Инфрақұрылым, жол төсеу, көгалдандыру жұмыстарын аз уақыттың ішінде жолға қою оңайға соққан жоқ. Қуанышты да,туындаған мәселерді де тұрғындармен бірге көрдік, бірлесіп шештік. Аудан тұрғындарының көмегі зор болды. Ең басты қағида – өзің істеп жүрген жұмысты сүйіп атқару және оған адал болу,- деді ардагер.

Тәлімгерлік – тәрбиенің бір түрі. Ол жас маманды жұмыс орынында оқыту арқылы, құзыреттіліктерді меңгертудің қуатты құралы. Тәлімгерлік озық тәжірибеден туындайды.

Пікірлер