Тәуелсіздік –барша азаматтар үшін ең қастерлі құндылық!

1067

Тағдыр талайымен тайталасқа түскен күндердің беймәлім соқпағында жоғалтқанымызды жасырмай, өз қолымыз өз аузымызға жеткен жылдардағы жетістігімізді асырмай айтқанның өзінде Қазақ елі тәуелсіз даму тарихында ғарыштық қадам жасады.
«Тәуелсіздік» деген қасиетті сөздің астарында ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, бабаларымыздың айбынды үні, азаттық жолында шейіт болған талай буын боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Егеменді еліміз артта қалған 30 жылда жүз жылға жетер сын мен сынақтан өтті.
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынуы да жаңа дәуірдегі қазақстандықтардың, әсіресе,жастардың жарқын болашағынабағдар болатыны анық.
Әрине, қазақ халқы үшін жеті санының орны бөлек, өйткені бұл санды кие тұтып, қастерлеген. Ендеше, Елбасы да аталған үндеуінде елдіктің жеті тұғырын атайды.
Тәуелсіздік –барша азаматтар үшін ең қастерлі құндылық!
Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі,өз алдына дербестігі.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін бекітті. Оған 16 желтоқсанда қол қойылуы, 1986 жылғы оқиғалардан кейінгі Қазақстанда демократиялық процестің сабақтастығын дәлелдеп, елдегі өзгерістердің бастамасы болды. Сонымен бірге шынайы егемендікті жариялап, сыртқы әлемнің елімізді тануына қол жеткізілді.
Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы –Тәуелсіздікке қол жеткізу екендігі айқын.
Елбасы ұсынып отырған екінші тұғыр – Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры болмақ. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған еді. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған болатын.
Қазіргі уақытта бұл үлгі дүниежүзінде, беделді халықаралық ұйымдарда аса жоғары бағаланып отыр.
Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы. Қазақ халқы үшін ел мен жер тұтас ұғым саналады. Қазақстан жері – ата-бабадан бізге қалған мұра екендігі, халық қазынасы екендігі даусыз. Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ шектес мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Өзбекстан,т.б.) арадағы шекараны делимитациялауға ерекше назар аударып, оны ұлттық қауіпсіздігіміздің негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгілендігі, оның көрегендігін көрсетті.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің түп-тамырына жүгіну қажет. Жастарымыз бойына ұлттық кодын, яғни халқымызға тән салт-санамызды, асыл мәдениетімізді бойына сіңіргенде ғана алға басулар болатындығы сөзсіз, яғни еліміздің үмітінің ақталғаны болмақ.
Елбасымыз өзінің ұсынған қағидаттар жиынтығында білім мен еңбектің бақуатты өмір сүрудің кілті екендігін меңзейді.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап»– деп Хакім Абай атамыз айтқандай, біз тек өз біліміміз бен күшімізге сенуіміз керек деген ұсынымы қазақстандықтарды адал еңбекпен мұратына жетуге бағыттайды.
Бәсекеге қабілетті қоғам құру – мемлекет дамуының кепілі. Ал, қоғамның басты құндылығы – адам. Бұл ретте адам капиталының сапасын жақсарту мен білім жүйесін дамытудың маңызы зор.
Ендеше жастарымыз прагматисттік ұстанымды келешектің негізі ретінде қабылдауы тиіс. Басеке қабілетті жаңа Қазақстанның қалыптасуын белсенді түрде жалғастырушы жаңа буын қалыптасуы тиіс.
Сондықтан кез келген қазақстандық өзі өмір сүріп отырған қоғамға, қоршаған ортаға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосуды адамгершілік парызы деп қабылдауы қажет.
Елбасының Қазақстан жастарына арналған бұл үндеуі болашаққа бағдар ретінде қарастырылуы тиіс, тіпті бұл жеті тұғырды XXI ғасырдағы моральдық кодекс ретінде қабылдауға болады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы-ректоры,ҚР ҰҒА академигі,профессор,тарих ғылымдарының докторы Қожамжарова Дария Пернешқызы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket