Командадағы көшбасшы, мектептегі көшбасшы, өмірдегі көшбасшы

3260
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектептің өзін-өзі басқару президенттеріне арналған «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» атты көшбасшылар форумы өтті.

Екі күн бойы көшбасшылар мектептегі өзін-өзі басқару тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді дамыту және команданы басқарудағы жеке дағдыларды жетілдіру бойынша шеберлік сабақтары мен тренингтер өтті.

Пікірталас алаңында көшбасшылар «NIS оқушыларының патриоттық, зияткерлік, физикалық, мәдени дамуында өзін-өзі басқару ұйымының рөлі қандай?» өзекті мәселе бойынша баяндамалар жасады. Әр Зияткерлік мектептің көшбасшысы түрлі бағыттағы эксклюзивті жобаларын ұсынды.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Еренай Қаратаева «Еріктілік – көшбасшылық қасиеттерді дамытудың негізгі құралдарының бірі» тақырыбында баяндама жасады.

Еренайдын айтуынша қоғамға қызмет етуге бағытталған әлеуметтік жобаларға белсене қатысу мектеп пен қоғам алдындағы жауапкершілікті арттырады және бәсекеге қабілетті, тәуелсіз шешім қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар NIS көшбасшылары үшін психология ғылымдарының докторы, SKILLFOLIO білім беру платформасының негізін қалаушы Виктория Шиманская, Джордж Вашингтон университетінің профессоры Данияр Қосназаров, Қазақстан-Корея клиникасының топ-менеджерлерімен және медицина ғылымдарының докторы Ғалымжан Тоғызбаев - тамаша кездесулер ұйымдастырылды.

 Форум өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Біз көшбасшының кім екенін, көшбасшылық қабілеттерімізді қалай дұрыс пайдалану керектігін, оны қалай дамыту керектігін және командамызды қалай қолдау керектігін білдік. Бұл ұмытылмас тәжірибе және бұл танысу баршамызға Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ортақ ауқымды жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын», - дейді 11- сынып оқушысы, Талдықорған қаласындағы NIS мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының лидері Еренай Қаратаева.

 

 

Пікірлер