Бақытгүл Хаменованың сіңлісі мәлімдеме жасады

13809
Adyrna.kz Telegram

«Пара алды» деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың сіңлісі Айнұр Хаменова оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қымбатты достар! Отбасымыз үшін жайсыз тиген оқиғаға байланысты қолдауларыңызды білдіріп, жылы сөзбен демеп жатқандарыңыз үшін бек рақмет! Ғайбаттың жеті атасын жаудырып, сансыз сауапқа ие қылып жатқан "тілеулестерге де" рақмет! Әке мен шешенің адал тәрбиесін көрген, ізгі істерімен талай жанның, талай игінің батасын, алғысын алған апам Бақытгүлге бір Алла өзі жар болсын. "Алланың бергеніне қанағат" деген ұяда өскен апамның осы кезге дейін сүйенгені де, сенгені де - бір Алла. Екі баласына, туған-туыстарына көңіл бөлетін уақыты болмай, жауапкершілікпен еңбек еткеніне көбіңіз куәсіз. Әлі-ақ реттелер жағдай. Жығылған кезде жұдырықтамай, сүрінген сәтте сынамай, жай ғана адам болып, тілеулестік танытқан әрқайсысыңызға Алла разы болсын!»– деді ол.

Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтың 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғандары белгілі болған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер