Шымкенттегі "Фосфор" ауруханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс жасауда

1591
Adyrna.kz Telegram

№2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді. Осыған сәйкес, медициналық мекеме ковидке шалдыққан науқастарды қабылдайтын болады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың инфекциялық стационар ретінде дайындық барысымен танысып қайтты.

Емдеу мекемесінің бас дәрігері Туманов Қанаттың айтуынша, мұндағы инфекциялық стационар 250 төсек орынға дайындалған. Төсек орындардың барлығына оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Мұнан бөлек 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Ал, медицина мамандары науқастарға қажетті кислородты аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

Өткен жылғы жағдайды ескере отырып, шаһар басшысы аурухана бас дәрігеріне ковидке шалдыққан науқастарды қабылдау барысын тағы да пысықтауды тапсырды.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер