Демеуші есебінен 6 спорт алаңша ашылды

1274
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте демеуші есебінен балалар спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Алаңшаның ашылу рәсімі Қабанбай батыр көшесі 5 үйдің ауласында өтті.

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру туралы тапсырмасына сәйкес Әл-Фараби ауданында демеуші есебінен 6 спорт алаңшасы салынды.

Аудан аумағында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ашылған заманауи спорт алаңшалары барлық стандарттарға сай. Онда воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.

Бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген Шымкент қаласының Құрметті азаматы Серік Түлбасов спорт алаңшаларын өз жеке қоры есебінен салып берген. Бұған дейін меценаттың қолдауымен бес алаңшаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген болатын

Сондай-ақ, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырып, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда жыл соңына дейін бюджет есебінен 25 спорт алаңшасы халық игілігіне тапсырылатын болады.
Шымкент қаласында бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында.

Пікірлер