Алматыда тұрғын үй өртеніп, 120-дан астам адам жаппай эвакуацияланды (ВИДЕО)

5101
Adyrna.kz Telegram

Алматыда «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өртеніп жатыр. 120-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникасы шақырту бойынша 11 желтоқсанда сағат 23:58-де Алмалы ауданы, Брусилов көшесіндегі 167 үйдегі өртті сөндіруге аттанғанын мәлім етті. Олар келген сәтте, яғни сағат 00:08-де «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 6-7, сондай ақ 17-18-ші қабаттары жанып жатқан.

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қазір 120-дан астам адамды эвакуациялады, 20 адамды құтқарды, гидранттарға цистерналар орнатты. Баспалдақ алаңдарындағы түтінді азайтуға оны тартатын өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Жалын шарпыған алаңға 70-тен астам қызметкер мен 18 техника жұмылдырылған. Эвакуация жүріп жатыр. Сол маңдағы жеке көліктердің көптігі өрт сөндіру техникасына кедергі болғанына қарамастан, өрт сөндіру сатылары іске қосылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер