Абаев: Сан-Францискодан Гонконгқа дейін Grammy алған павлодарлық жігіттің әуенін тыңдайды

2847
Adyrna.kz Telegram

«Көшбасшылық. Тұрақтылық. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Прогресс» шарасында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақстандықтардың жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз аяғымызға нық тұрдық. Өзімізді екінші рөлде көруді доғардық, көптеген қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін жоққа шығардық. Біз өзімізді өз жеріміздің, тағдырымыздың, бүгініміз бен болашағымыздың толық иелері ретінде сезінеміз. Табыс бізге сенімділік берді, ал сенімділік сау амбицияны тудырды. Сан-Францискодан Гонконгқа дейін Grammy алған павлодарлық жігіттің әуенін тыңдайды. Dears фанаттар қозғалысы континенттерді, елдерді бірінен соң бірі басып алды»,– деді ол.

Ол 30 жыл ішінде көптеген параметр бойынша біз басқалардың ғасырлар бойы, тіпті одан да көп уақытқа созылған жолын жасадық деп қосты.

«Біздің халқымыз тәуелді жағдайдан егемендікке, жоспарлы экономикадан нарыққа, тоталитаризмнен ашық, еркін қоғамға алып модернизация жасады. Бірақ үздіксіз дамудың осы үш онжылдығының ең бастысы – бұл ұлт құрудағы жетістігіміз»,– деп сөзін толықтырды Абаев.

Пікірлер