Қапшағайда жантүршігерлік жол апаты орын алды (ВИДЕО)

2541
Adyrna.kz Telegram

7 желтоқсанда түнде Қапшағайда адам өліміне әкеп соқтырған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Mercedes-Benz 814 жүк көлігінің солтүстік бағытта келе жатқан 27 жастағы жүргізушісі бағдаршамда тұрған Toyota Caldina көлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан жеңіл көлік алдында келе жатқан Mercedes-Benz эвакуаторын инерциямен соққан.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Toyota Caldina көлігіндегі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан оның жүргізушісі де зардап шекті, ол ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер