«Қазпоштаның» екі қызметкері 40 млн теңге жымқырған

3214
Adyrna.kz Telegram

БҚО-да «Қазпоштаның» екі қызметкері кәсіпкерлердің зейнетақысы мен ақшасын үптеп кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде жалпы мөлшері 40 млн теңгені қолды қылған «Қазпоштаның» екі әйел  қызметкері ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазпошта» бөлімшелерінің бірінің екі қызметкері компанияның шотына одан әрі аудару үшін ЖШС өкілі берген ақшаның бір бөлігін заңсыз иемденгенін хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 33 миллион теңгеден асқан.

Сондай-ақ, әйелдер алаяқтық жолмен зейнеткерлердің сеніміне қиянат жасап, 7 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген.

«Әйелдерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер БҚО-ның екі тұрғыны, олар ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды»- деп хабарлады БҚО экономикалық тергеу департаменті.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

Биылғы жылдың наурыз айында «Қазпошта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалында жүргізілген ішкі аудит барысында клиенттердің есепшоттарымен заңсыз әрекеттер жасау фактісі анықталды. Артынша «Қазпошта» есепшоттарындағы ақшаларын таппай қалған  клиенттерге өз қаражаты есебінен 2,2 миллион теңгені өтеп берген.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер