Мәскеудегі Жеңіс парадына Вашингтоннан кім қатысады?

943
Adyrna.kz Telegram
Фото: youtube
Фото: youtube

АҚШ Мәскеуде өтетін 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған парадқа жоғары лауазымды өкілін жіберуі мүмкін. Бұл туралы 1 мамырда Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Арнаның мәліметінше, Ресей астанасына АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келуі ықтимал. Алайда бұл ақпарат ресми түрде әлі расталмаған.

Қаңтар айында Дональд Трамп президент қызметіне кіріспей тұрып, АҚШ-тың Жеңіс парадына «ірі» өкіл жіберетіні жөнінде америкалық басылымдар жазған болатын. Тіпті француздың Le Point журналы бұл делегацияны Трамптың өзі бастап баруы мүмкін деген болжам ұсынған. Алайда бұл мәліметті кейін Кремль де, Ақ үй де жоққа шығарды.

Қазір АҚШ делегациясының құрамына қатысты нақты мәліметтер жарияланбады. Дегенмен ресейлік ақпарат құралдары екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың болашағы тұрғысынан бұл сапардың маңызды символикалық мәні бар екенін атап өтуде.

Пікірлер