Ресей мен Украина арасындағы жағдай тағы да ушықты

3956
Adyrna.kz Telegram
Ақ Үй әкімшілігі Украинаға қару жеткізу жөніндегі құжатқа қол қойды. Ресейдің 115 мыңға жуық әскери күштерінің Украина шекарасы маңына топтасуына байланысты Ақ үй қазір Украинаға әскери кеңесшілері мен қаруларын жіберіп жатыр.
CNN ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақ Үй Украинаға танкілерге қарсы зымырандар мен Джевелиндерді, минометтерді жіберген. Ақпарат көздерінің айтуынша, Украинаға жіберілген қарудың қазіргі құны 60 миллион долларды құрайды. Қарулардың ішінде "Стингер" атты зенитті зымырандар кешені де бар. Жуық арада Пентагон МИ-17 бомбалаушы тікұшақтарын аттандырмақшы. Байденнің бұл шешіміне кейбір өкілдер палатасының белді тұлғалары мазасызданып отыр.
Ресей мен Украина текетіресі қарсаңында АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеттерін дайындауды қолға алды.
Ресей мен Украина арасындағы жағдай тағы да күрт өзгеріп жатыр.
Бұл геосаяси текетірес қалай аяқталатыны әзірге белгісіз.
Бекболат ҚАРЖАН, 
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер