Ресейде бір айда вирустан 60 мыңға жуық адам көз жұмған

2823
Adyrna.kz Telegram

Ресейде қазан айында 58 822 адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Росстат мәліметтері бойынша, тағы 9 912 жағдайда дәрігерлер бұл инфекцияны өлімнің негізгі себебі деп санайды, бірақ растау үшін қосымша зерттеулер қажет. Сонымен қатар, коронавирус 1 141 адамда басқа аурулардың өлімге әкелетін асқынуларын тудырған.

«2021 жылдың қазан айында өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда 20,3%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қазан айында өлім-жітімнің жалпы өсімінен 100% -дан астамы COVID-19-дан болатын өлім-жітімге тиесілі, бұл ретте басқа аурулардан болатын өлім-жітім 6,2% - ға төмендеді»,– деп мәлімдеді елдің вице-премьері Татьяна Голикова.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер