Назарбаев: Ельцин кірді де, Горбачевқа дауыс көтерді

3989
Adyrna.kz Telegram

Нұрсұлтан Назарбаев "QAZAQ: История Золотого человека" фильміне берген сұхбатында Михаил Горбачев пен Борис Ельциннің текетіресін еске алды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы КСРО-ның ыдырауы туралы естеліктерін бөлісті.

"Горбачев менен 10 жас үлкен болды, бірақ бір буыннанбыз. Бір саяси тәрбиені көрдік. Бір-бірімізді білетінбіз. Бір жүйеден шықтық. Бір қызығы, Ельцин де менімен дос болғысы келген. Онымен өте жақсы сөйлестік. Мен олардың текетіресіне куә болдым және татуластыруға тырыстым".

"Кеңес Одағы ыдыраған сәттердің бірі. Ельцин Горбачевтің шақыруымен Мәскеуге барды. КОКП Орталық Комитетінің хатшысы. Бірақ ол Саяси бюроның мүшесі боламын деп ойлады. Бірақ Горбачев оны сайлаған жоқ. Бұл оған қатты тиді", - деп еске алды Нұрсұлтан Назарбаев.

"Оның наразылығын оппозиция пайдаланып, Ельцинді Горбачевтан "алшақтата" бастады".

"Мен олардың текетіресіне куә болдым. Горбачевтің кабинетінде отыр едім, Ельцин кіріп келді. Олар қатты-қатты сөйлесе бастады. Ыңғайсыз болды. Ельцин: "Мен сенің орныңа отырамын". Мен орнымнан тұрып, шығып кетпек болдым. Горбачев, отыр деді. Ол (Горбачев) "Мен президент болып тұрғанда ма" деді. Ал Ельцин: "Иә. Әзірге". Кейін ол кетіп қалды. Ельциннің көзін өшпенділік басып кетті. Оның бір ғана арманы бар еді - Горбачевты шығару".

Нұрсұлтан Назарбаевтың "QAZAQ: История Золотого человека" атты сегіз бөлімді фильмі танымал америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатына негізделген. 1 желтоқсанда республикалық телеарналар эфирінде картинаның көрсетілімі басталды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер