Молла Насреддин Қожанасырдың ауылына келе жатыр

963
Adyrna.kz Telegram
Фото: media.az
Фото: media.az

Әзербайжан ТҮРКСОЙ ұйымы аясында түркі тілдес елдердің қатысуымен күрделі сюжетке ие фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы «Әзербайжанфильм» киностудиясының қоғаммен байланыс және маркетинг бөлімінің жетекшісі Рамиля Гурбан Азертадж агенттігіне айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, «Молла Насреддин. Менің қиын күндерімнің досы» атты фильмнің түсірілімі басталып, оған Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркменстан елдері қатысуда. Фильмнің сценарийі мен режиссері — халық әртісі Вагиф Мұстафаев.

Қазіргі уақытта түсірілімдер алты ай бұрын Қырғызстанда басталған.

Р. Гурбан келесі түсірілімдер Түркияда, Қазақстанда және Өзбекстанда өтетінін мәлімдеді.

«Бұл жобаның мәні — түркі тілдес елдерді ортақ мәдениет және бірлік идеясы арқылы жақындастыру»,- дейді ол.

Сценарий авторы әрі режиссер В. Мұстафаев «Әзербайжанфильм» киностудиясының үлкен павильоны қазіргі уақытта бос емес екенін айтты.

«Әзербайжанда түсірілімдер сәуір айында жоспарланған. Осы уақытқа дейін павильон босайды деп күтілуде, қазір ол жалға алынған, декорациялар орнатылған, түсірілімдер жалғасуда. Наурыз айының соңына дейін біз шетелден декораторларды шақырдық, олар декорацияларды орнатып, сәуір айында түсірілімдер Әзербайжанда жалғасады», деді Мұстафаев.

Пікірлер