Халық әртісі Роза Бағланова туралы телехикая жарыққа шығады

4128
Adyrna.kz Telegram

Жуырда КСРО халық әртісі және халық қаһарманы Роза Бағланованың өмірі туралы сыр шертетін телехикая көрерменге жол тартады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

— 2022 жылы 1 қаңтарда аты аңызға айналған КСРО халық әртісі және халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Осы орайда "Хабар" арнасы әншінің өнегелі өмірінің жарқын сәттері мен қилы кезеңдерін баяндайтын "Бұлбұл" телехикаясын көрермен назарына ұсынады", – делінген "Хабар" арнасының хабарламасында.

Телехикаяда бұлбұл үнді әншінің шығармашылық өмірі ғана емес, азаматтық ұстанымы бар қайраткерлік қырына да мән берілген. Роза Тәжібайқызының қиын балалық шағы, отбасылық өмірі, Ташкент тоқыма институтында оқуы және майдан даласында өнер көрсетуі телехикая барысында тізбектеле түседі.

Айта кету керек, биыл Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымұлова 2022 жылы әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу үшін жалпыреспубликалық жоспар енгізілгенін хабарлаған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер