Дима Билан Қазақстандағы тойда мас күйінде ән айтқан ба? (Видео)

5122
Adyrna.kz Telegram

"Евровидение - 2008" байқауының ресейлік жеңімпазы, әнші Дима Билан Қазақстандағы тойда мас күйде өнер көрсетті деген күдікке ілінді. Шараны видеоны блогер Біржан Әшім Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ren.tv" сайтына сілтеме жасап.

Әртіс жас жұбайлар мен той иелерінің алдында өнер көрсету үшін сахнаға шыққан. Видео авторы жазылушылардың назарын әншінің ән айта салу мәнеріне аудартты. Алайда Дима Билан аудиториямен сөйлесуде қиналған. Желіде "Жігіттер, ол  — есірген адам", – дейді Біржан қолданушыларға.

Кейін әнші өзінің Instagram stories-іне кіріп, шынымен де мас болғанын мойындады.

"Білесіз бе, кейде солай болады. Бұл сіздің басыңыздан өткен жоқ па? Кейде адам мас болып қалады. Жоқ десең сенбеймін. Үш күннен бері ұйықтамадым, себебі түсірілім, түсірілім, ән, музыка бар. Менде басқа амал жоқ,  қатты шаршадым. Ал жақында 40 жасқа толамын. Жалпы мен соңғы кезде қатты қапылыс үстіндемін.  Мұны қалай түсіндірерімді білмеймін ", - деді Билан.

Ол қазір анасы стористі көріп жылап отырғанын, өзінің бұл қылығына қатты ұялатынын айтты. "Қанша жаңа музыка жазғанымды білесің бе? Мен тұтас альбом жазып үлгердім. Эфирге мас күйде шығатын адамдарды жек көремін. Ал бұл жағдайға байланысты менде еш жауап жоқ. Біз бәріміз осы пандемиядан аман өттік. Мен екі рет ауырдым. Бронхитпен сырқаттанып, аяғым сынса да,  концерттер бердім. Шынымды айтсам, жақсы жігітпін. Ертең бұл жағдайға қатты қапаланармын, дегенмен менің қаншалықты уайымдап жүргенімді білсеңіздер", - деп қосты Дима Билан.

Телеарнаның хабарлауынша, әнші бұған дейін де оғаш қылығымен көзге түсіп,  жанкүйерлері мен жұртшылық тарапынан сауалдар туған. 2019 жылы Билан Самарадағы Қала күнінде өнер көрсетіп, дәл осындай қылығымен көрермендерге ұнамаған болатын.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер