Адам етін жеген: "5:32" сериалындағы маньяктардың шынайы өмірдегі бейнесі қандай?

7155
Adyrna.kz Telegram

Соңғы уақытта ел аузында жүрген, 90-жылдардағы адам өлтірушілер жайлы түсірілген "5:32" веб-сериалы миллиондаған қаралым жинауда. Ең қызығы, сериал шынайы оқиғаға негізделген. Әрбір сериядағы маньяктар шынайы өмірде болған адамдар. Олар кімдер? 

Веб-сериалдың бірінші сериясында маньяк-таксисттердің оқиғасы бейнеленеді. Вокзалдан үйіне қайтпақ болған алыста тұратын қыздарды арзан бағада үйге жеткіземін деп алдаған таксист, жоспар бойынша жолаушы қызды алдыңғы орындыққа отырғызып алады. Жолай кездескен сыбайлас жігітті, жолаушы деп алдап, артқы орындыққа отырғызады. Сыбайласы артқы орындықта отырып, темір сыммен қызды қылқындырып өлтіріп, кейіннен зорлап, өртеп жібереді.

Бірінші бөлімде көрсетілген оқиға шын өмірде 2011-2012 жылдары арасында Шымкент қаласында орын алған. Қорқынышты оқиғада қылмыскер сыныптастарын зорлаған, артынша өлтірген. Өмірдегі есімі - Болатбай Бердалиев, ал жолдан отырған сыбайласының есімі Абдусейт Орманов. Осындай жоспар бойынша қаншама қылмыс жасаған екі дос, ұсталып, өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

11 әйелді өлтірген өзбекстандық кім? (видео)   11 әйелді өлтірген өзбекстандық кім? (видео)

Сериалдың екінші бөлімінде адамдарды өлтіріп, етінен беляши жасап сатқан әйел кейіпкер туралы баяндалады. Сценарий желісі бойынша, әйел көшедегі алқаштарға арақ беріп қатырып, артынша өлтіріп, денесін бөлшектеп, етінен беляши жасайды. Оны өзі де жеп, сатып тіпті, кәсіп қылады. Бұл кейіпкер  негізінен шынайы өмірдегі Николай Жұмағалиев есімді сериялы маньяктың протатипі.

Дикий зверь в облике человека» Этот маньяк стал главным каннибалом СССР. Его до сих пор держат в закрытой психбольнице: Преступная Россия: Силовые структуры: Lenta.ru

Николай өзінің алғашқы құрбанын қалай өлтірді?

1979 жылы қаңтар айында Ұзынағаш – Майбұлақ тас жолында Жұмағалиев жалғыз жүріп бара жатқан қызды көріп қалады. Жас жігіт қызды артынан қуып жетіп, кеуде тұсына пышақ сұғып, бұталардың арасына сүйреп апарған. Қызды жерге құлатқан Жұмағалиев пышақты оның тамағынан тіліп, қанын іше бастаған.

Маньякты бұл әрекетке оның оккультизмге деген құмарлығы итермеледі: ол өзінің оқыған кітаптарының бірінде адамды тамағынан кесу арқылы жанының денеден қалай шығатынын көруге болатынын оқыған. Сонымен қатар, Жұмағалиев кітаптардан құрбанының қанын ішу арқылы адам көріпкелдік қабілетке ие болатыны жайында оқып білген. Бірақ шындығында ол, қызды өлтіріп оның жанын қалай шыққанын көре алмады және ешқандай тылсым күштерге ие болмады - бірақ қарапайым маньяк атанды.

Жұмағалиев өлтірген қыздың етін тамаққа пайдалануды жоспарлап, мәйітті сойып, бөлшектей бастаған. Ол бір айға жуық алғашқы құрбанының етін жеді: пісіріп, қуырып, тұздады, сонымен қатар котлеттер мен тұшпара да пісірді. Жұмағалиев дене қалдықтарын пұтқа табынушылық рәсімдері үшін пайдаланды. Құрбанның қалдық денесін кездейсоқ өтіп бара жатқандар 25 қаңтарда Фабричный ауылы маңындағы қоқыс тастайтын жерден тауып алған.

Николай Джумагалиев — советский серийный убийца, о жестокости которого ходят чудовищные легенды. Казахский парень не.. | ВКонтакте

Төртінші сериядағы жалғыз аяқты шалдың оқиғасы да өмірден алынған. Оның шын өмірдегі есімі - Александр Дудник. Ал бұл оқиға шынайы өмірде де дәл сериалдағыдай болды:

Вишневка ауылы, 1993 жыл. Сол жылдары осы ауыл аймақтарында қатынау көліктері аз болатын. Наталья есімді жас ару, өз ауылына анасына картоп қазуға көмектесуге бармақшы болады. Алайда ақ ниетті ару қыз, үйіне, анасына жете алмады. Қыздың денесін бір айдан соң ауыл маңындағы орманнан мал бағушылар тауып алады. Санаулы күндерден соң осы ауданнан тағы бір әйелдің жоғалғаны туралы дерек келіп түседі. Үш баланың анасы болған әйелдің жоғалғаны туралы іс аяқталмаған күйі көктемге дейін қалады. Кейіннен 1994 жылдың маусым айында тағы бір әйел жоғалып кетеді. Бұл жолғы іске тәжірибелі полицейлер мен журналистер де жұмылдырылды. Анықталған фактілер бойынша, әйел жолға шыққан күні жолдан жүріп өткен жүргізуші алыстан бір қараны байқағанын баяндаған. Ерекшелігі ол кәрі кісі, әрі  бір аяғы жоқ, деген екен. Ал бұл 56 жастағы сол Александр болатын.

Александр сол уақытқа дейін де, "Зорлау" бабы бойынша түрмеде отырып шыққан. Ол он бес жылға сотталған болатын. Тіпті бір рет жертөле арқылы түрмеден қашып та кеткен екен. Оған өлім жазасы тағайындалғанымен сот шешімі мейірімділік танытып, оның бас бостандығынан айыру жазасын 18 жылға ұзартты. Алайда осы жолғы қылмыстары үшін Александрға расымен де, өлім жазасы тағайындалды. Осылайша оны 1996 жылдың 5 сәуірінде ату жазасына кесті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер