Тоқаев іссапармен Бельгияға барады

2605
Adyrna.kz Telegram

25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли.

Айта кету керек, биыл тамыз айында Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтанда Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаланы қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишельдің Қазақстан басшысын жыл соңына дейін Брюссельге іссапармен келуге шақыруын растаған жолдауын жеткізді.

 


"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер