Елбасы "Елдіктің жеті тұғырын" өскелең ұрпаққа жолдады

3815
Adyrna.kz Telegram

Кеше Елбасы, партия көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Премьер-Министр А.Ұ. Мамин елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы және Н.З. Нығматуллин партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картаның орындалу барысы туралы баяндамалар жасады.

Саяси Кеңестің басты жаңалығын Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жария етті. Ол: "Мен партияның бастауында тұрдым, оны осы жылдар бойы басқардым және"Nur Otan" партиясын ел Президенті басқарса, маңызды болатынын білемін" - деді. Бұл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа билеуші партия Төрағасының лауазымы берілетінін айқындайды және ол процедура партия Жарғысына сәйкес іске асады.

Бұл шешім Қазақстан билігіндегі трансформацияның эволюциялық жолмен іске асуының айқын көрінісі. Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында, біз тұрақты дамудың жаңа бір кезеңіне аяқ басқалы отырмыз.
Саяси Кеңес соңында Елбасы Н. Назарбаев өскелең ұрпаққа "Елдіктің жеті тұғыры" атты Үндеуін жолдады.
1. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.
2. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.
3. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.
4. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.
5. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.
6. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.
7. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.

Әлемдегі турбуленттік үрдістер мен тектоникалық өзгерістер Қазақстанға да қатты әсер етуде. Біздің мақсатымыз сол қиыншылықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аман шығу.

Еділ Жаңбыршин

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер