Түркіменстанда пошта бөлімшесі мекенжайы орыс тілінде жазылған хаттарды бұдан былай жеткізбейтін болды. Бұл «Пошта байланысы туралы» атты жаңа заңнан туындап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Заңның 26-бабында былай делінген:
«Түркіменстан шегінде жөнелтілетін пошта хабарламаларын жіберуші мен алушының мекенжайлары мемлекеттік тілде, ал Түркіменстаннан тыс жерлерге баратын хабарламалар сол елдің тілінде ресімделуі тиіс»,-делінген.
Бұған дейін Түркіменстанда пошта қызметтерін көрсету 2010 жылғы «Байланыс туралы» жалпы заңмен реттелетін. Пошта жөнелтілімдері қандай тілде жүргізілетіндігі 1996 жылғы бұрынғы заңда айтылмаған. Алайда дереккөздер растағандай, орыс тілінде қол қойылған конверттер межелі жерге еш қиындықсыз жеткенін айтады.
Сондай-ақ, бұрын орыс тілінде жеделхат жіберуде де қиындықтар болмаған. Бұл мүмкіндік енді жалғаса ма, жоқ па әлі де белгісіз. Жаңа заңда жеделхат туралы айтылмаған.
Түркіменстанның көптеген басқа посткеңестік елдерден айырмашылығы, орыс тілінің заңмен бекітілген мәртебесі жоқ. Ол әлі күнге дейін ұлтаралық қатынас тілі болып қала береді. Түрікменстанда толықтай орыстілді бір ғана мектеп бар. Дегенмен, орыс тілді мектепке балаларын беретін отбасылар саны аз емес. Олар тілді 0-ден бастап үйретуді қалайды. Бұл оқыту сапасын төмендетеді.
Сондай-ақ, Түркіменстанда өзбек, қазақ, т.б өзге ұлт өкілдерінің балалары ана тілінде білім алатын мектептер де сыныптар да жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы