БАҚ: Қытай жаңа жойқын қару түрін сынады

3731
Adyrna.kz Telegram

Қытайда жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан бес есе жоғары болатын гипердыбыстық планерден зымыран ұшырды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Сынақтар туралы алғаш рет Financial Times хабарлады. Белгілі болғандай, сынақтар биыл шілде айында Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде болған. Болжам бойынша, сынақ қаруында жою нысанасы болмаған және сынақ кезінде қарудың мүмкіндіктері тексерілген. Ұшақтарды жоюға арналған басқарылатын «ауа-ауа» зымыраны болуы мүмкін планерден теңіз үстінде бөлінген тағы бір нысан барын анықтаған.

Газеттің хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарасты Қорғаныс ғылыми-зерттеу жобалары агенттігі (DARPA) Қытайдың «физика заңдарын айналып өтетін» қару жасауға қалай қол жеткізгенін түсінуге тырысуда.

Ақ үй ұшыру туралы мәліметтерге түсініктеме беруден бас тартты және тек алаңдаушылықтарының бар екенін қайталады. АҚШ-тағы Қытай елшілігі мұндай қарудың сынақтары туралы деректердің жоқтығын айтты.

Бұған дейін Financial Times газеті Қытайдың тамыз айында ядролық қару алып жүруге қабілетті гипердыбыстық зымыранды сынақтан өткізгенін, бұл АҚШ барлауын күтпеген жерден "ұстап алғанын" жазған. Алайда Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Қытайдың осы жылдың тамыз айында гипер дыбысты зымыранды емес, ғарыш аппаратын сынағанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер