Шымкент: «рухани жаңғыру» идеологиялық платформа ретінде жан-жақты түсіндірілді

1583
Adyrna.kz Telegram
Шымкенттегі «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Өңірлік жоба офистің өкілдеріне арналған семинар «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысынан кейін үшінші мегаполисте жалғасуда. Интерактивті форматта өткен тренингті «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова жүргізді.
– «Ұлттық сана – адамды мемлекетімен, қоғамымен біріктіріп отыратын рухани феномен. Сондықтан ұлттық идеологияның болашағын қоғам талқысына салу – ең дұрыс шешімдердің бірі. Жаңғырудың қадамдарын халық саналы түрде өзі таңдауы тиіс. Ұлттық идеология мемлекетке де, сол мемлекеттің негізін құраушы қазақ халқына да ауадай қажет, - деді Жанар Қалиқанқызы.
Тыңдаушыларға жаңғырудың басты шарттары және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеологиялық платформасы ретінде жан-жақты түсіндірілді. Аталған бағдарламаның негізгі міндеттері мен жобалары талқыланып, жүзеге асқан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» идеологиялық жұмыс жүйесінің маңыздылығы мен өзектілігі, сондай-ақ жүргізілген зерттеу бойынша қазақстандықтардың жаңа заманауи келбеті таныстырылды.
Семинарға қатысушылар топтық сайыстар ұйымдастырып, тақырып аясында пікір алмасты. Сондай-ақ, құндылықтарға бай адамның портретін жасады.
Пікірлер