Шымкент: жыл басынан бері мыңнан астам қоныс аударғандарға қандас мәртебесі берілді

42
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласына жыл басынан бері көшіп келген 798 отбасындағы 1099 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың көпшілігі Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанып отыр.
Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында басқармаға қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы 6 ай мерзімінде мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлері көрсетіледі.
Сонымен қатар, орталық 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады. Олар: тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз және т.б.
Айта кетерлігі, жұмысқа орналасып, баспана салып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған қандастар да жоқ емес. Соның бірі «Дәнекерлеу ісі» кіші кәсіптік мамандығы тәмамдаған Мырзахметов Мадияр есімді қандасқа бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, орталық мамандарының көмегімен елге бейімделуі қарқынды жүріп, ҚР азаматтығын алып, өз еңбексүйгіштігінің арқасында, Құрсай елді мекенінен үй тұрғызып, баспаналы болды.
Пікірлер
Редакция таңдауы