Қызылордалық шенеуніктер шекісіп қалды (ВИДЕО)

1476

Қызылордалық шенеуніктер бір-бірімен шекісіп қалды деген түсінікпен жарияланған видео ғаламторда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бейнежазбада Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов пен Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Мусаевтың сөзге келіп қалғанын байқауға болады.

- Бармайм, апарсанда бармайм мен! Сен жұмысыңды істеймісің? Сен өзің де жұмысыңды істе! Бүкіл депутаттың бәрі мына сенің мойныңа беріліп қойған ба? - деп ашуланды Мұхтар Ниязов Мусаевқа.

- Жұмысыңды істесейші! Ты слуга народа, ты должен служить для народа! Ұят емес пе? Орет здесь стоит! Сен деме "сіз" деп сөйле маған! Я у тебя требую! Жоқ, человек должен же уметь признавать свои ошибки. Да, действительно бұл жерде бір қателіктер бар, - деп Ниязовқа өз қателіктерін мойындауын талап етті.

- Сен де сен деп сөйлеп отсың маған!  Народ Ерлан Мусаев  емес! Сен Ерлан Мусаев, болсаң өзіңе Ерлан Мусаевсың! - деп қарсы пікір білдірді Ниязов.

Кадр сыртында: "Ерлан шамалы сабыр етіңіз...Сабыр, сабыр! Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлер отыр. Тікелей эфир. Ұят емес пе? Тихо, тихо, тихо!", - деп өзге әріптестері екі шенеунікті сабырға шақырды.

Кейін Мұхтар Ниязов пен Ерлан Мусаевтың татуласқаны белгілі болды. Ниязов фб парашқасында екеуінің бірге түскен суретін жариялап, келесідей мәлімдеді: "Фотоның философиясы: “өмір ақ пен қарадан алмасып тұра береді, бәрінен достық пен сыйластық биік” дегенді білдіреді деп қиындатып жіберсең ,ия:) Ер шекіспей, бекіспейді!"

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы